Жаңалықтар

Елордада екі адам терезеден құлап көз жұмды

Елордада екі адам терезеден құлап көз жұмды

Елордада бір күнде екі адам көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиғалар бір-бірімен байланысты емес, деп хабарлайды Ozgeris.info ақпарат порталы.

 

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталған. Алдын ала деректерге сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

 

Осы уақытта елорданың басқа бөлігінде орналасқан тұрғын үйдің 18-қабатынан әйел адам құлап кеткені белгілі болды. Оқиға салдарынан ол да оқиға орнында көз жұмған.

 

Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғалардың нақты мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.Полиция өкілдері азаматтарды қиын жағдайларда жалғыз қалмауға, психологиялық көмекке жүгінуге шақырды.

Барлық жаңалық