Жаңалықтар

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, ал батысында жаңбыр мен қар күтілуде

Синоптиктер “Қазгидрометтен” жақын күндері еліміздің оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар жауатынын ескертті деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

 

“Қазанның басында батыс пен солтүстік-батыс аймақтарын солтүстік-батыс циклонының әсері күтіп тұрса, соңында оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтар фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Сол жерде жаңбыр мен қар жауатыны күтілуде”, – деп хабарлады синоптиктер.

 

Республикадағы қалған аймақтарда ауа райын жоғары қысым аймағы анықтайды, сондықтан жауын-шашын болмайды. Дегенмен, жел кей жерлерде сезілетін болады, ал оңтүстікте жел шаңды дауыл тудыруы мүмкін.

 

 

Барлық жаңалық