Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында елдегі базарларды жаңғырту жұмыстары туралы айтып, 2026 жылға қарай талапқа сай келмеген сауда орындарының жабылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, қазіргі базарлардың көбінде бейберекет сауда жүріп жатыр, бұл көлеңкелі экономиканың ошағына айналуы мүмкін.
«Базарларды жаңғырту бағдарламасы қабылданды. 2026 жылдың соңына дейін нақты нысандарды қамтитын жол картасы бар. Сол уақытқа дейін жаңғыртудан өтпеген, картада көрсетілген базарлар жұмысын тоқтатады», деді Арман Шаққалиев.
Яғни, алдағы екі жылда базар иелеріне жаңа талаптарға бейімделіп, инфрақұрылымды ретке келтіру міндеті тұр. Әйтпесе, сауда алаңдарын жабу мәселесі күн тәртібіне шығады.