Жаңалықтар

Елімізде жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

Елімізде жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

Бұл жөнінде белгілі жазушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Танымал бапкер және спортшы 67 жасында бақиға аттанды. Қазақстандық жанкүйерлер оны Қазақстан кикбоксингінің аңызы, жекпе-жек спортындағы тәжірибелі маман ретінде жақсы таниды. Елімізде ол спорттың осы түрін дамытуға зор үлес қосты. Білікті маман Қазақстанның жекпе-жек федерациясының негізін қалап, оның жетекшісі ретінде ауқымды істер атқарды. 

Сабыржан Махметов КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған. Сондай-ақ КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып, КСРО мен Қазақстанда кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалады. Дүниежүзілік "Жекпе-жек" қауымдастығының президенті қызметін атқарды.

Барлық жаңалық