Ұлттық банк валюта айырбастау пункттеріне жаңа талаптар қоймақ. Құжат 2025 жылдың соңына қарай күшіне енеді, деп жазады Ozgeris.info.
Жаңа ережелерге сәйкес, валюта айырбастайтын клиенттердің жеке деректерін тексеру күшейтіледі. Бұл заңсыз табысты жасыру мен күмәнді қаржы операцияларын болдырмау үшін жасалып отыр.
Сонымен қатар, оффшорлық аймақтардың тізімі нақтыланып, алтын құймаларын сатып алу және сату кезінде де клиенттерді тексеру тәртібі қатаңдайды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап айырбастау пункттеріне сыртқы таблода валюта бағамдарын көрсетуге тыйым салынады. Бағамдар тек пункт ішінде ғана көрсетіледі.
Шілде айында айырбастау пункттеріндегі рубльдің нетто-сатылымы 53,2 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 5,6 есеге өскен.
Жаңа талаптар қаржылық операциялардың ашықтығын арттырып, заңсыз ақша айналымына тосқауыл қоюды көздейді.