💰 Экономика

Елімізде ең жоғары жалақы алатын мамандық қандай?

2025 жылғы тамыз айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындарының күрт өскені байқалды. Еңбек министрлігінің дерегінше, кейбір жұмыс берушілердің ұсынып отырған айлығы мен үміткерлердің күткен жалақысы 1,2 млн теңгеге дейін жеткен, деп жазады Ozgeris.info.

Жалақы бойынша үміткерлер арасында көш бастап тұрғандар: техникалық директорлар – орта есеппен 1,2 млн теңге, ұшқыштар – шамамен 1,2 млн теңге, коммерциялық директорлар – 1,1 млн теңге. Ал ашық жарияланған бос орындар ішінде ең жоғары айлық ұсынғандар: өндіріс цехының басшысы – 843,8 мың теңге, энергоснабжение қызметі бастығының орынбасары – 733 мың теңге, IT саласындағы бағдарламалар бойынша бас редактор – 718 мың теңге.

Тамыз айында жұмыс берушілер 240 мыңға жуық бос орын жариялады. Бұл шілдемен салыстырғанда екі есе көп. Ең көп ізделген мамандар: PR-менеджерлер – 16,3 мың бос орын, математика мұғалімдері – 7,6 мың, тәрбиешілер – 6,1 мың. Сарапшылардың айтуынша, мұндай серпіліс жаңа оқу жылының басталуымен байланысты. Әсіресе білім саласында мұғалімдер мен тәрбиешілерге сұраныс артып отыр.

Кадр тапшылығы ең қатты өскен аймақтар – Алматинская облысы (+387%), Жамбыл облысы (+377%) және Батыс Қазақстан облысы (+242%). Ал жалпы ел бойынша түйіндемелер саны 6,3%-ға азайғанымен, Алматыда (+30%), Алматинская облысында (+31%) және Түркістан облысында (+17%) жұмыс іздеушілер белсенділігі артқан.

Барлық жаңалық