Спорт

Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды Австралияда бастайды

Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымды Австралияда бастайды

 

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымдағы алғашқы турнирін Австралияның Брисбен қаласында өткізеді. Ол жаңа жылдың басында Brisbane International жарысына қатысады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Турнир ұйымдастырушылары әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақстандық теннисшінің жарысқа қатысатынын жариялады.

«Әлемнің бірінші ракеткасы. Брисбен турнирінің чемпионы. Қайта оралғаныңа қуаныштымыз!» – делінген ұйымдастырушылардың жазбасында.

Рыбакина үшін бұл жарыс жақсы таныс. Қазақстандық теннисші 2024 жылы Brisbane International турнирінің финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңіп, чемпион атанған еді.

2027 жылғы Brisbane International турнирі 3–10 қаңтар аралығында өтеді. WTA 500 санатындағы бұл жарыс теннисшілер үшін жаңа маусымға дайындық пен алғашқы маңызды ұпайларды жинаудың жақсы мүмкіндігі болмақ. Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко. Ол биылғы финалда Украина өкілі Марта Костюкті 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Елена Рыбакина үшін Брисбендегі жарыс жаңа маусымды сәтті бастауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Барлық жаңалық