Қоғам

Электросамокатқа қатысты екі жылдық жұмыс нәтиже берген жоқ

Қазақстанда электросамокат қозғалысын тәртіпке келтіру үшін екі жыл бұрын қабылданған заңдар күткен нәтиже бермеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл мәселені ашық сынады.

«Қоғамда жүргізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Электросамокат мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолында қозғалысты шектеу үшін заңнамалық өзгерістер енгіздік. Бірақ жағдай өзгерген жоқ. Азаматтар әлі де қауіпке тап болып отыр», деді мемлекет басшысы.

Электросамокаттарға қатысты қабылданған шектеулер қағаз жүзінде ғана қалып, қала көшелерінде қауіпсіздік мәселесі шешілмеген күйі тұр. Жаяу жүргіншілердің жолы әлі де қауіпті, ал ережені елемейтіндер саны азайған жоқ.

Президент үкіметке жағдайды түбегейлі талдап, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Барлық жаңалық