Түркістан және Жамбыл облыстарының аралығында ауа райының бұзылуына байланысты шектеу қойылды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
"Ауа райының бұзылуына байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсанда сағат 09:00-да Түркістан облысында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-663 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан – Қарабұлақ ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада.Қазір жолшылар жолды қардан тазалау жұмыстарын атқарып жатыр.
"Ескертеміз, жолдағы ауа райы жағдайын алдын ала біліп, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз! 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", – деп ескертті компания жүргізушілерді.