Спорт

«Екі мәрте чемпион болатын едім»: Данияр Елеусінов Олимпиадаға қатысуға кімдер кедергі жасағанын жайып салды

  «Екі мәрте чемпион болатын едім»: Данияр Елеусінов Олимпиадаға қатысуға кімдер кедергі жасағанын жайып салды

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов Токио және Париж Олимпиадаларына неліктен қатыса алмағанының себебін түсіндірді. Боксшы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Елеусіновтің айтуынша, Токиодағы ойындарға оның қатысуын ешкім қаламаған, ал Париж Олимпиадасына баруына кедергілер жасалған.

«Барлығың сұрап жатсыңдар, неге Олимпиадаларға қатыспадың деп. Мені Токиода өнер көрсеткенімді ешкім қаламады, ал Парижде көргісі келгендер болды, бірақ оған жол бермеді. Шахмұрат Мүтәліп менің қатысқанымды қалады, бірақ басқалары оған кедергі келтірді. Адам лицензия алып, бірінші жекпе-жекте-ақ ұтылып қалды. Мен екі мәрте Олимпиада чемпионы бола алатын едім. Бар болғаны осы», — деп айтты ол.

Сонымен қатар боксшы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпке қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Бұл адам мені әлі күнге дейін қолдап келе жатыр. Ол менің жақын досым, оған ризамын», — деп түйіндеді сөзін Данияр Елеусінов.

Барлық жаңалық