Шоу-бизнес

«Екі легенда»: Мақпал Исабекова мен Дильназ Ахмадиева елді аузына қаратты

«Екі легенда»: Мақпал Исабекова мен Дильназ Ахмадиева елді аузына қаратты

Әлеуметтік желіде қазақстандық танымал әншілер Мақпал Исабекова мен Дильназ Ахмадиеваның жанды дауыста ән орындаған бейнежазбалары кеңінен тарап жатыр. Көпшілік өнер иелерінің вокалдық шеберлігіне жоғары баға беріп, жылы пікір білдіруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары әншілердің табиғи дауысын, сахнадағы еркіндігін және кәсіби деңгейін ерекше атап өткен. «Қазіргі әншілерге осылардан үйрену керек», «Жанды дауыстан құлағымның құрышы қанды», «Нағыз талант иелері», «Бұл екі кісінің әлемдері бөлек қой, нағыз таланттар» деген секілді пікірлер көптеп жазылуда.

Көпшілік жанды дауыстағы орындаудың эстрададағы шынайы өнердің көрсеткіші екенін айтып, мұндай бейнежазбалардың жиі жарияланып тұрғанын қалайтынын жеткізген. Әншілердің видеолары қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Барлық жаңалық