✅ Пайдалы

Егер ұлыңыздың есімін Абай деп қойсаңыз, 180 мың теңге аласыз

 

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Assyltas қоры қызықты бастама көтерді, деп жазады Ozgeris.info.

10 тамыз, Абай күні туған және аты Абай болып қойылған әрбір сәбиге 180 мың теңге сыйақы беріледі.

Қор дерегінше, биыл осы күні еліміздің 13 өңірінде 33 бала жарық дүниеге келіп, бәріне ұлы ақынның есімі берілген. Ең көп Абай есімді сәбилер Шымкентте, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында тіркелді, әрқайсысында үш баладан.

Сыйақы алу үшін ата-аналар қордың электронды поштасына өтінім жіберуі керек. Алғашқы өтініштер қазірдің өзінде түсе бастаған, қаражат бір айдың ішінде аударылады.

Ұйымдастырушылар бұл акцияны Абайдың мұрасын дәріптеудің және оның атын келер ұрпаққа құрметпен жеткізудің символикалық қадамы деп отыр.

Барлық жаңалық