Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алды. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрмұхамет Ботабай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды.
Қазақ дзюдошысы финалда АҚШ өкілі Ари Берлинерден басым түсіп, алтын жүлдені иеленді.
Сондай-ақ Испаниядағы додада Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.