Шоу-бизнес

«Дым көрмегендер»: Желіде Қайрат Нұртасты ыңғайсыз жағдайға қалдырған видео талқылануда (ВИДЕО)

«Дым көрмегендер»: Желіде Қайрат Нұртасты ыңғайсыз жағдайға қалдырған видео талқылануда (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртасты күштеп тоқтатып, адамдардың онымен суретке түсіп жатқан сәтін көрсететін видео тарап кетті, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Бейнежазбада бірнеше адамның әншінің жолын кесіп, жақындап келіп, рұқсатсыз видео мен фотоға түсіре бастағаны байқалады. Қайрат Нұртас жағдайға түсіністік танытып, еш қарсылық білдірмегенімен, оқиға көптің талқысына түсті.Желі қолданушылары мұндай әрекетті мәдениетсіздік деп сынап, әншіні қорғап пікір қалдыруда:

 

– «Адам да шаршайды, үнемі көңіл күйі бола бермейді, жабыса бермеңдерші», «Бұл — таза мәдениетсіздік, кім көрінгеннің жолын бөгеп, мәжбүрлеуге болмайды», «Жабайылық қой, жеке кеңістік деген болу керек», – деп жазды оқырмандар.

 

 

 

Барлық жаңалық