Шоу-бизнес

"Дүниеден озды": Айгүл Иманбаева әкесі туралы қайғылы оқиғаны айтты

"Дүниеден озды": Айгүл Иманбаева әкесі туралы қайғылы оқиғаны айтты

Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Өнер иесі араға 40 жыл салып әкесімен қайта қауышқанын және сол кездесуден кейін көп ұзамай әкесінен айырылғанын еске алды.

«Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем: "Екінші жолдасымнан туған қызымды өз үйіріме қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ", – деген еді. Содан кейін араға үш ай салып дүниеден озды. Адам баласының "арманым жоқ" деп айтпауы керектігін сонда ғана түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын», – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Барлық жаңалық