Қоғам

Дұғам қабыл болды: Бақытжан Базарбек жол апатынан есін жиған Нұржігіттің суретін жариялады 

Дұғам қабыл болды: Бақытжан Базарбек жол апатынан есін жиған Нұржігіттің суретін жариялады 

Экс-депутат Бақытжан Базарбек Нұржігіт Қошановты емдеп, өмірін сақтап қалған Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы дәрігерлерімен бірге түскен суретін жариялады, деп жазады Ozgeris.info

Ол бұл суретті Нұржігіттің жағдайына алаңдап жүрген мыңдаған адам асыға күткен кадр деп атады. Базарбектің айтуынша, дәрігерлер өздерінің кәсіби білімі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігітті аман алып қалып, есін жиғызып, қайтадан аяққа тұрғызған.

«Шыны керек, Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің кәсіби біліктілігі мен деңгейі өте жоғары. Оларды бүкіл Жамбыл облысы медицинасының қаймағы десем, қателеспеспін», – деп жазды ол.

Бақытжан Базарбек дәрігерлердің Нұржігіт ауруханада жатқан уақыт ішінде басқа да ауыр науқастардың өмірін сақтап қалуға үлес қосқанын атап өтті.

«Бұлар – заманымыздың нағыз қаһармандары», – деп дәрігерлерге алғысын білдірді.

Оның айтуынша, Нұржігіттің аяғы сынғандықтан, енді оның алдында ұзақ реабилитация кезеңі тұр.

«Біраз төккен терім ақталды. Өзімнің дұғамды, халықтың дұғасын Алла тағала қабыл алды. Нұржігіттің аяғы сынғандықтан, алдымызда әлі реабилитациясы күтіп тұр. Сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз», – деді экс-депутат.

Барлық жаңалық