Жаңалықтар

Дубайдан Қазақстанға рейстер ашыла бастады

Дубайдан Қазақстанға рейстер ашыла бастады

Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды. Бұл жайлы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр.

Ал  Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.

Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

Барлық жаңалық