Жаңалықтар

Дженнифер Лопес қазақ қыздардың биін парақшасында бөлісті (ВИДЕО)

Дженнифер Лопес қазақ қыздардың биін парақшасында бөлісті (ВИДЕО)

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram желісіндегі парақшасына оның жаңа әніне билеген қазақстандық қыздардың видеосын бөліскен. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме хабарлайды.

J.Lo жақында Birthday атты жаңа әнін шығарды. Бір топ ақтөбелік қыз бұл хитті елеусіз қалдырмай, би билеп, видеоға түсірген.

Посттың астына олар әншінің аккаунтын белгіледі, ал әнші өз кезегінде Instagram оны stories-ке салып, бөлісіп қойды. 

Желі қолданушылары қазақстандық бишілердің өнерін жоғары бағалап, көптеген оң пікірлер қалдырып, биді Дженнифер Лопестің парақшасынан көргендерін баса айтты.

"J.Lo-ның парақшасынан көргенім қандай керемет, қыздар, жарайсыңдар", "J.Lo-ның парақшасында екендеріңізді білесіздер ме?", "Жарайсыңдар қыздар, JLO-ның өзі репост жасапты", "Бұл Ақтөбе ғой", "Міне, дәреже", – деп жазды желідегілер.

Барлық жаңалық