Жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімін бастады

Джеки Чан Қазақстанда "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімін бастады

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанға келіп, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады.

Актер жобаның жүзеге асуына атсалысқан Kaspi.kz, Sәlem Entertainment компанияларына және фильмнің режиссерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Kaspi.kz және Sәlem Entertainment компаниясына, сондай-ақ осы жобаға зор еңбек сіңірген режиссерлерге алғыс айтамын. Түсірілімді бастауды асыға күттім. Бұл – оңай жұмыс емес, бірақ мен әр сәтінен үлкен ләззат аламын. Баршаңызды жақсы көремін», – деді Джеки Чан.

Актермен кездескен Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе оған Kaspi Gold картасын сыйға тартты.

Айта кетейік, «Құдай сауыты» франшизасының алғашқы фильмі 1986 жылы жарық көрген. Кейін тағы төрт картина түсіріліп, шытырман оқиғалы фильмдер қатарында әлемге кеңінен танылды. Жаңа, бесінші бөлімде де бұрынғы оқиға желісі жалғасады. Басты рөлді дәстүрлі түрде Джеки Чан сомдайды.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Маңғыстау облысы мен Қаскелеңде өтеді. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда. Түсірілімді биыл аяқтау жоспарланған, ал фильмді 2027 жылдың ақпан айында көрерменге ұсыну көзделіп отыр.

Барлық жаңалық