Жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстан режиссеріне сенім артты: жаңа фильм Қазақстанда 2026 жылы түсіріледі

Джеки Чан Қазақстан режиссеріне сенім артты: жаңа фильм Қазақстанда 2026 жылы түсіріледі

Танымал актер әрі продюсер Джеки Чан культтік экшен-франшизасының жаңа бөлімі «Құдайдың сауыттары» фильміне қазақстандық режиссерді тартты деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

 

Salem Entertainment компаниясының мәліметінше, картинаның режиссері болып Роберт Кун тағайындалды. Ол экшен-сахналарды қою бойынша әлемдік деңгейдегі маман әрі қазақстандық кинорежиссер.Компанияның хабарлауынша, Джеки Чан Роберт Кунды режиссерлікке өзі бекіткен. Түсірілім жұмыстары 2026 жылдың көктемінде Қазақстанда басталады.

 

Бұған дейін Роберт Кун Disney, Paramount, Universal, және 20th Century Fox секілді әйгілі киностудиялардың жобаларында жұмыс істеген. Сондай-ақ ол «Особо опасен», «Он – дракон», «Президент Линкольн: Вампирлердің аңшысы», және «Майор Гром: Ойын» фильмдерінің түсіріліміне қатысқан.

 

Бұл жаңалық қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен жетістік болып саналады, себебі алғаш рет әлемдік деңгейдегі жобаға отандық режиссер жетекшілік етпек.

Барлық жаңалық