Танымал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай жаңа құдаларын қарсы алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы олар желідегі парақшаларында жариялаған.
Өнер иелері екінші қыздарын ұзатқалы жатыр.
Құдалық және сырға салу рәсімін өткізді.
Алайда желі қолданушылары Мирас пен Құралайдың жақын досы Қанат Айтбаевтың биіне таңданды.
"Қанат мырза керемет билейді екен", "Димаштың папасының биі күшті", "Димаштың әкесі биді қатырды", "Өзіне жарасып тұр", "Құдалық мық жылдық болсын", "Жастар бақытты болсын", - деп жазды оқырмандар.