Қоғам

Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концертінде қарындасы Раушанға күтпеген тосынсый жасады (ВИДЕО)

Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концертінде қарындасы Раушанға күтпеген тосынсый жасады (ВИДЕО)

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қарағанды қаласында өткен жеке концертінде қарындасы Раушан Құдайбергенді туған күнімен ерекше құттықтады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Көпшілік алдында әртіс қарындасын сахнаға шығарып, ыстық ықыласы мен тосынсыйын арнады.

Бұл әсерлі сәттің видеосымен Раушан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол ағасына деген шексіз алғысын білдіріп, былай деп жазды:

«Көкенің Қарағандыдағы концертінен. Туған күніммен құттықтап, сахнаға шығарды... рахмет, көкетайым, сені жақсы көреміз... қатты-қатты, тек қана аман жүр!»,- деп жазды ол.

Көрермендер мен желі қолданушылары ағалы-қарындасты бауырмалдығы мен жылы қарым-қатынасы үшін тәнті болып, тілектерін жаудыруда.

Барлық жаңалық