Қазақстанда электр станцияларын жөндеу саласында жүйелі мәселелер бар. Сенатор Бекбол Орынбасаров бұл бағыттағы қызметтердің сапасына қатысты сын айтты деп хабарлады ozgeris.info сайты.
Оның сөзінше, қазіргі таңда тендерлер формалды түрде өткізіліп, көбіне өзінде инженерлік мамандары мен техникалық базасы жоқ делдал компаниялар жеңіске жетуде.
Негізгі талап ретінде ең төмен баға мен құжат жүзіндегі сертификаттар қарастырылады. Ал нақты тәжірибе мен біліктілік екінші орынға қалып отыр. Соның салдарынан кәсіби инженерлер нарықтан ығыстырылып немесе делдал арқылы төмен бағамен жұмыс істеуге мәжбүр.
Бұл жағдай, әсіресе, электр станцияларындағы іске қосу-баптау жұмыстары үшін қауіпті. Себебі бұл кезең қазандықтар, турбиналар мен жылу желілерінің қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Сенатордың айтуынша, бұл салада нақты реттеу жоқ: бірыңғай талаптар, лицензиялау жүйесі және кадр даярлау жеткіліксіз. Соның нәтижесінде елде жоғары деңгейде жұмыс істей алатын инженерлік топтардың саны беске жетпейді.
Мұндай жағдай жөндеу сапасының төмендеуіне, апаттардың көбеюіне, жабдықтардың тез тозуына және энергияның өзіндік құнының артуына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, салада шетелдік мердігерлерге тәуелділік артып келеді. Бұл қаржылық шығындарды көбейтіп қана қоймай, елдің инженерлік әлеуетіне кері әсер етеді.
Осыған байланысты депутат Үкіметке энергетика саласындағы жөндеу және іске қосу-баптау жұмыстарын жан-жақты талдап, сатып алу жүйесін қайта қарауды ұсынды. Оның пікірінше, басты