Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласында жаңа вице-министр тағайындалды

Денсаулық сақтау саласында жаңа вице-министр тағайындалды

Алия Рустемова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Рустемова Алия Шайзадаевна Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қыркүйектен бастап ол Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал 2018 жылдан бастап Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында басшының орынбасары болған. Бұған дейін ол Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінде басшының орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

Барлық жаңалық