Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі ұшақта жас қыздың өмірін құтқарып қалды

Денсаулық сақтау министрі ұшақта жас қыздың өмірін құтқарып қалды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта есінен танып қалған жас қызға шұғыл медициналық көмек көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Желі қолданушысы ұшақтағы сәтті видеоға түсіріп, оқиғаны былай сипаттады:

 

«КС 622 рейсі, Астана-Алматы бағыты. Таңғы уақытта ұшақ ұшу жолағына бет алған кезде үрейлі дауыс естілді: «Стюардесса! Қыз баланың жағдайы нашарлап кетті. Дәрігер керек!» Сол мезетте бір әйел жүгіріп келіп, қыздың есін жиюға көмектесті, қан қысымын тексерді. Қыз біраз уақыттан соң өзін жақсы сезіне бастады. Стюардессалар ары-бері жүгіріп, майлықтар мен пакеттерді алып келді, өйткені қыз жүрегі ауырып, құсқысы келген», – дейді ол.

 

Кейіннен көмек көрсеткен әйелдің кім екені анықталды:


«Стюардесса әйелден кім екенін сұрады – дәрігер ме, әлде бірге ұшып бара жатқан жолаушы ма? Ол қан қысымды өлшеп, пакетін ауыстырған соң жай ғана: «Мен дәрігермін» деді. Қызға дәрі, шай, су беріп, есін жинағанын күтті, кейін Алматыға дейін ұша алатынын сұрады. Қыз келісімін берген соң ұшақ ары қарай ұшып кетті. Сол дәрігер – Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпқызы Әлназарова», – деп жазды желі қолданушысы.

Барлық жаңалық