Спорт

Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алып, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

Қазақстандық спортшы Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен чемпион атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Давид Дегтярев 190 келі көтеріп, жарыс рекордын жаңартты.

Бұған дейін Еркін Ғаббасов пара оқ атудан алтын медаль, ал Тұрсынай Қабыл пара пауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алған еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар: екі алтын және бір күміс.

Барлық жаңалық