Қазақстандық әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі оқырманының пікіріне жауап беріп, сахнадан мүлде кетпегенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Өнер иесі хиджаб киіп, біраз уақыт сахнадан көрінбей кеткеннен кейін желі қолданушылары оның әншілікті қойғанын жиі талқылап жүрген еді.
Оқырманның бірі әншіге: «Сахнамен қоштастым деген едіңіз. Дәуа жоқ қатын екенсің», – деп пікір қалдырған.
Ал Индира Расылхан бұған былай жауап берді:
«Қайтейін?! Қайтейін?! Мен ешқашан да сахнамен қоштаспағанмын. Менің қанымда, бойымда өнерім барда жүрегім ән салып жатқанда, қалай өнерді тастайын? Мен сіздерді сағындым… Концертке дайындық… Орын жоқ. Мені басқа қай жақтан көргіңіз келеді?» – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің қайта ән айтып жүргеніне қуанып, оған қолдау білдіріп жатыр.