Жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасының ең жылдам ойыншыларының қатарына енді

Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасының ең жылдам ойыншыларының қатарына енді

SofaScore қосымшасы еурокубоктың басты турниріндегі желаяқтардың топ-10 тізімін жасақтады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлемде танымал футбол қосымшасы Чемпиондар Лигасына қатысып жатқан 36 командадан ең жылдам деген футболшыларын іріктеп, олардың максималды көрсеткішін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық Дастан Сәтпаев та бар. 

Топ-10 тізімі төмендегідей:
1. Эрнес Поку (Байер) – 33,9 км/сағ
2. Дэвид Промис (Юнион) – 33,6 км/сағ
3. Энтони Гордон (Ньюкасл) – 33,6 км/сағ
4. Дастан Сәтпаев (Қайрат) – 33,6 км/сағ
5. Джед Спенс (Тоттенхэм) – 33,6 км/сағ
6. Рауль Белланова (Аталанта) – 33,4 км/сағ
7. Душан Влахович (Ювентус) – 33,4 км/сағ
8. Ибраима Конате (Ливерпуль) – 33,3 км/сағ
9. Кевин Родригес (Юнион) – 33,3 км/сағ
10. Ннамди Колинс (Айнтрахт) – 33,3 км/сағ

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биылғы маусымды нәтижелі өткізді. Ол жыл қорытындысы бойынша Қазақстан премьер– лигасында "Үздік жас футболшы" және "Үздік футболшы" атанды. 

Барлық жаңалық