Жаңалықтар

Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын салды (ВИДЕО)

Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын салды (ВИДЕО)

«Челсидің» жаңа шабуылшысы әрі Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сатпаев Лондон клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл «көктердің» Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы жолдастық кездесуінде болды. Сатпаев матчты негізгі құрамда бастап, кездесудің 7-минутында қақпашымен жеке-дара шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп ашты. Голдың видеосы төменде ұсынылған.

Еске салайық, бұл матч – «Челсидің» Аустралиядағы маусым алдындағы тур аясындағы алғашқы ойыны. Кездесу Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында өтіп жатыр. Лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Дастан Сатпаевтың алдағы тағдырына қатысты шешімді бақылау матчтарының қорытындысы бойынша қабылдайды.

Барлық жаңалық