Шоу-бизнес

"Дариғаны Құдай жіберді": Олжас Абай Бадықовамен бірге екенін айтты

"Дариғаны Құдай жіберді": Олжас Абай Бадықовамен бірге екенін айтты

Танымал актер Олжас Абай Дариға Бадыковаға қатысты жеке өміріне және бірге демалғандарына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иесі «Время» газетіне берген сұхбатында жеке өмірін жария етпеуге тырысқанымен, кейбір маңызды нәрселерді бөлісті.

Ол Дариғаның өмірінде ерекше орын алатынын жасырмады:

«Менің өмірімде он жылдық үзіліс болды. Алға жылжи алмадым, күш жетпеді. Тіпті кейде өзімді әртіс екенімді ұмытып кететінмін. Сол кезде Құдай маған Дариғаны жібергендей болды. Әрдайым айта бермеймін, бірақ ішімнен оған ризамын», — деді Олжас.

Актер екеуінің мінездері ұқсас екенін де атап өтті:

«Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер. Кейде түске дейін жиырма рет ұрысамыз, кейде күні бойы сөйлеспейміз. Бірақ бізді ортақ шығармашылыққа деген үлкен қызығушылық табыстырады», — деді ол.

Соңғы екі жылда олар бір-бірін жақсырақ танып, өмірлік мақсаттарын нақтылаған.

Жеке өмірге қатысты сұрақтарға Олжас ашық жауап бермесе де, бірге демалғандарын жоққа шығармады. Мысалы, Мальдив аралдарындағы демалыс жайлы сұраққа күліп жауап берді:

«Иә, әрине бірге демалдық. Біз төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз», — деді ол.

Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сұраққа нақты жауап бермеді:

«Жеке өмір туралы осы жерден тоқтайық. Кім көрді — өзі ойласын», — деп шектелді.

Олжас Адайдың айтуынша, екеуі жеке өмірін жарияламауға әдейі келісім жасаған:

«Қарым-қатынас бар ма, жоқ па — жарияламаймыз деп келістік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы басылады», — деді актер.

Барлық жаңалық