Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов пен актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желіде сөзге келді,
Елеусінов Тоқтардың суретін жариялап, оны жекпе-жекке шақырған. Бұған жауап берген Еркебұлан Тоқтар Олимпиада чемпионына қарсы жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты.
Актердің сөзінше, кездесу ресми түрде ұйымдастырылып, гонорар қарастырылса, шаршы алаңға шығуға қарсы емес.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.