Жаңалықтар

Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

Данияр Елеусінов бостандыққа шықты

Мас күйде көлік тізгіндеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қамаудан босап шықты. Спортшы болған оқиғаға байланысты өз өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

28 шілде күні кешке Данияр Елеусіновті арнайы қабылдау орнының қақпасы алдында жұбайы Алина мен жақын достары күтіп алды.

"Бұл оқиғаға қатысты айтарым, болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін", – деді спортшы.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің мас күйде көлік жүргізгені анықталған болатын. Кейін Астана қаласының әкімшілік соты оны 20 тәулікке қамауға алып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған еді.

Барлық жаңалық