Қоғам

"Дана екеуі екіжүзді!": Зорлық көрген әйел өз тағдырын талқылағандарға ашуланды (ВИДЕО)

"Дана екеуі екіжүзді!": Зорлық көрген әйел өз тағдырын талқылағандарға ашуланды (ВИДЕО)

32 жыл бұрын зорландым деген оралдық Наташа Қалымбетова желідегі парақшасында депутат Абзал Құспанды сынады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Журналист Дана Нұржігіт зорлық көрген Наташа Қалымбетованың ісі бойынша заңгер Абзал Құспаннан сұхбат алған. 

"Менің тағдырым ойыншық емес! Депутат Абзал Құспан, подкаст Дана Нұржігіт", деді ол. 

Оның сөзінше, депутат Абзал Құспан барлық зорлық көрген әйел осы оқиғадан кейін бас көтеріп ер адамдардың көбі тергеледі деп қорқып отыр. 

Осы тұста желі қолданушылары Дана Нұржігітті де сынап түрлі пікір жазды. 

"Дана да екіжүзді", "Дана Нұржігіт позор! Подкастқа шақыратын адамды тапқан екенсің. Азаматтың әріптесімін деп сұхбат алған едіңіз. Сізге контент керек болғаны екен ғой", "Дана сізді қатырып кетіп тұр ғой", "Абзал Құспанның да арты қуыс болып тұр ғой", деді көпшілік. 

 

Барлық жаңалық