Қарағандыда «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігінің рейді барысында жасөспірімге сатылып жатқан 335 литр заңсыз алкоголь тәркіленді. Бұл туралы ұйымның Telegram-арнасында хабарланды деп хабарлайды Оzgeris.infо.
Бір апта бұрын Қарағанды тұрғыны базардағы акциздік маркасы жоқ, бес литрлік бөтелкелерде жасалған алкогольдің ашық сатылып жатқанын хабарлаған. Хабарлама бойынша белсенділер тексеру жүргізгенде, сатушы 18 жастағы жасөспірімге еш құжат сұрамай, алкогольді еркін сатқаны анықталды.
Рейдке қарағандылық белсенділерге Теміртау мен Астанадан келген еріктілер қосылды. Барлығы жүзге жуық адам «Алтын арба» базарында орналасқан заңсыз сауда нүктесін тексерді. Нәтижесінде 335 литр суррогат алкоголь тәркіленіп, контейнерлер мөрленді, тауар сараптамаға жіберілді, тиісті арыз тіркелді.
Қозғалыс үйлестірушісі Мейірболат Тойытов:
«Алкоголь нарығында бейберекетсіздік орын алып жатыр. Бұл суррогатты кез келген жасөспірім оңай сатып ала алады. Біз Қазақстанның болашағын улап отырған жағдайды байқап, рейдтерді ұйымдастырамыз»
«Дала Қырандары» 2023 жылдан бері ел бойынша заңсыз алкоголь саудасына қарсы рейдтер жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде мыңдаған литр суррогат алкоголь тәркіленді. Ұйым белсенділері әр хабарламаны жедел тексеріп, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғаумен айналысып отыр.
Айта кетейік бұндай рейдтер тоқтаусыз жалғасып жатыр.