Қоғам

Дәдебайдың орынбасарлары анықталды

Дәдебайдың орынбасарлары анықталды

Құрылтай спикері Айбек Дәдебайдың орынбасарлары болып үш депутат тағайындалды,деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

  • Нұрлан Бекназаров — 1964 жылы Шымкентте туған, мемлекет қайраткері. 2018–2026 жылдары Сенат депутаты болған. 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының тізімі бойынша I шақырылымдағы Құрылтай депутаты.
  • Дания Еспаева — 1961 жылы Ақтөбе облысы Жайсаң ауылында туған, экономист, саясаткер. 2016–2026 жылдары Мәжіліс депутаты, 2023–2026 жылдары Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2026 жылдан бастап «Ақ жол» партиясының төрағасы әрі Құрылтай депутаты.
  • Динара Зәкиева — 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, мемлекет және қоғам қайраткері. 2021–2023 жылдары Мәжіліс депутаты, 2023 жылдан бастап Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып жұмыс істеді.

Бүгін I шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы отырысы өтуде. Депутаттар халыққа ант беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы етіп сайлады.

Барлық жаңалық