Шоу-бизнес

«Бұрынғы әйелімен көзіне шөп салған»: Блогер ажырасуы туралы тағы пікір білдірді

«Бұрынғы әйелімен көзіне шөп салған»: Блогер ажырасуы туралы тағы пікір білдірді

Актриса әрі блогер Айым Сейтметова бұрынғы күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуына қатысты тараған қауесеттерге нүкте қойып, жағдайды түсіндірді,деп хабарлайды Ozgeris.info

Желі қолданушылары арасында Отбасының бұзылуына Талғаттың бұрынғы жубайы себеп болды деген сыбыстар желдей ескен еді. Алайда Айым бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ашық айтып, бұрынғы күйеуінің бірінші отбасын бұл мәселеге араластырмауды өтінді.

«Адамдар, сабыр сақтаңыздаршы. Бұл не қылған жала? Біз Талғаттың бұрынғы әйелімен өте жақсы қарым-қатынастамыз, оның өз отбасы, күйеуі және балалары бар. Ажырасуымызға еш қатысы жоқ адамдарды бұл іске қыстырмаңыздаршы. Соншалықты сенімді сөйлейді екенсіздер, бұл – сұмдық. Мұндай қауесет таратқанша, өз өмірлеріңізбен айналысыңыздаршы», – деп жазды Айым.

Актрисаның айтуынша, ажырасуға үшінші тараптың немесе бұрынғы қарым-қатынастардың ешқандай қатысы жоқ, ал тараптар арасындағы сыйластық әлі де сақталған.

Барлық жаңалық