Қоғам

Бұқтырма су қоймасына екі демалушы батып кете жаздады

Бұқтырма су қоймасына екі демалушы батып кете жаздады

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасындағы Қаздар аралы (Гусиный остров) маңында екі демалушысы бар катер қайраңға тұрып қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 

Жағаға өздігінен жете алмаған ер адамдар Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерінен көмек сұраған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары катерді қайраңнан шығарып, ішіндегі екі адамды аман-есен жағаға дейін сүйемелдеп жеткізді.

ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, демалушылардың жағдайы қанағаттанарлық және олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Барлық жаңалық