Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында сөз сөйлеп, Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін қатаң сынға алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты Smartnews.kz сайтына сілтеме жасап. Ол бұл жағдайды «адамзаттың ар-ожданына жасалған үлкен сын» деп атады.
Министрдің айтуынша, Израильдің әскери операциялары бейбіт тұрғындарға — әйелдер мен балаларға дейін — қарсы бағытталған. Аштықты соғыс құралы ретінде қолдану халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу деп бағаланды.
Фидан Израильдің тек Палестинамен шектелмей, Ливан, Сирия және Иранға да агрессиясын бағыттап отырғанын айтты. Оның сөзінше, аймақтағы этностық және діни шиеленіс артып, тұрақсыздық шегіне жеткен.
— Біз ашық айтуымыз керек: Израиль бейбітшілік пен тұрақтылықты қаламайды. Қазіргі жағдай — бүкіл адамзаттың ар-ұжданы үшін сынақ, — деді ол.
Фидан атысты дереу тоқтатып, Газа халқына кедергісіз гуманитарлық көмек көрсетуді, сондай-ақ палестиналықтардың мемлекет құруға құқығын мойындауды талап етті.
— Біз не бірге бұл дағдарыстан шығамыз, не бәріміз бірге жеңілеміз. Шешім айқын: атысты тоқтату, көмек жеткізу және бейбіт келісімге келу, — деп түйіндеді Түркияның сыртқы істер министрі.