Үкіметтің кезекті отырысында теміржол саласы мен күрежол инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыға түсті. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов маңызды баяндамаларды мұқият тыңдап шықты. Бұл басқосуда ұлттық тасымалдаушы компанияның жұмысындағы айтарлықтай кешігулер әшкере болды. Үкімет басшысы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке қатаң талап қойды. Ол бекітілген көрсеткіштерді уақытылы бағындыру үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Мемлекеттік мекеме алдында транзиттік тасымал көлемін 55 миллион тоннаға дейін жеткізу міндеті тұрған еді. Алайда қазіргі жағдай мүлдем көңіл көншітпейді. Жауапты мекеме жоспарлы көрсеткіштерден 30 пайызға артта қалып келеді. Нақтырақ айтсақ теміржолшылар 23 миллион тоннаның орнына небәрі 16 миллион тонна жүк тасымалдаған.
Премьер-министр Талғат Сағиұлына бұл олқылықтардың тез арада жойылуын қамтамасыз етуді бұйырды. Бекітілген жоспардың мүлтіксіз орындалуы тікелей компания басшысының жеке жауапкершілігінде екені кесіп айтылды.