Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтарға шүйлікті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша Еркебұлан Тоқтар хайп үшін барлығына барады.
Еркебұлан Тоқтар желідегі парақшасынджа ренішін білдіріп, видео жариялады.
"Жетпей тұрғаны осы еді. Данияр Елеусінов ағамыз менің фотомды салып: "Маған мына Олимпиада чемпионын біреуден кем санайтын хайпқуғанды беріндерші" деп жазған. Мен бұл ағама не істеп қойғанымды білмеймін. Бірақ бір емес, екі емес. Бұл Олимпиада чемпионы ғой. Менің деңгейіме түсетін адам емес. Егер мені ұрғыңыз келіп тұрса, "Рух файтингке" келіп ұрып тастасаңыз болады. Мен ұрмайынша қоймайтын сияқты. Өздерің енді не ойлайсыңдар?", - деді ол.