Қазақстанда жәрдемақының 14 түрін қысқарту жоспарланып отыр. Осы өзгерістер босануға байланысты берілетін біржолғы төлем мен бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған төлемге әсер ете ме? Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте осы сұраққа жауап берді,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, өзгерістер мемлекет бюджетінен төленетін жәрдемақыларға қатысты.
Ал босануға және бала күтіміне байланысты төлемдер қысқартылмайды. Жұманғариннің сөзінше, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленетін ана мен балаға арналған төлемдер бұл реформаға кірмейді.