Қазақстандық боксшы Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында өзбек қызы Ситора Турдыбековамен жқдырықтасты. тартысқа толы айқаста Виктория төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.