Спорт

Боксшы Төрехан Сабырхан алтыннан қағылды

Боксшы Төрехан Сабырхан алтыннан қағылды

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Қазақстандық боксшы ақтық сында иорданиялық Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді. Шиеленісті өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, 5:0 есебімен Зейад Ишаиш жеңімпаз деп танылды.

Құрлықтық додада отандасымыз бұдан бұрын Шамшиер Саидов, одан кейін қытайлық Пейчанг Уангты жеңген еді.

Төрехан Сабырхан 2006 жылы 13 ақпанда дүниеге келген. 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында ересектер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. 

Енді ел құрамасынан 6-жұпта Сабыржан Аққалықов (75 келі) өзбекстандық Жавохир Абдурахимов, 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.

 

Барлық жаңалық