Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Астанаға ұшатын рейсінің ұшу уақыты кешіктірілді. Жолаушылардың бірі ұшу алдында сапардан бас тартып, ұшақтан шығып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Оның айтуынша, жолаушы ұшақтан шыққаннан кейін қалған жолаушылардан да борттан шығу талап етілген. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын жүргізу үшін жүктерді де түсіру қажет болған, осыған байланысты ұшу кейінге қалдырылды.
Козачковтың мәліметінше, ұшудан бас тартқан жолаушы 2016 жылғы бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болған.
Әуе қауіпсіздігінің стандартты рәсімдеріне сәйкес, рейспен ұшпаған жолаушының жүгін тасымалдауға тыйым салынады.
Әуе компаниясы әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.