Шоу-бизнес

"Біз қатты ұрысып та көрмегенбіз": Тұрсынбектің әйелі ара-қатынастары жайлы алғаш рет ашық айтты (ВИДЕО)

"Біз қатты ұрысып та көрмегенбіз": Тұрсынбектің әйелі ара-қатынастары жайлы алғаш рет ашық айтты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқан жуырда Revue News арнасына берген эксклюзив сұхбатында ел ішінде тараған алып-қашпа әңгімелерге алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Сұхбат барысында Мөлдір ханым отбасында ешқашан үлкен жанжал болмағанын, жұбайы Тұрсынбектің бұндай әрекетке неге барғанын білмейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бар деген қауесет тараған. Тіпті, одан бір ұлы бар деген ақпарат та желіде желдей есті.

"Мен сіздерге шындықты айтайыншы. Киноға қатысты ешқандай маркетинг жоспарланған жоқ және болып жатқан жоқ. Біз жұбайлар ретінде үйдің ішінде ешқандай айқай-шу болмаған. Ыдыс-аяқ та сылдырлап көрмеген. Кейде өзім де таң қаламын. Неге бұлай болып жатыр деп. Қатты ұрысып та көрмегенбіз. Бәрі жақсы", - деді ол. 

Ал желі қолданушылары Мөлдірдің бұл сөзіне түрлі пікір қалдырды. 

"Мәдениеті өте төмен, дарақылық басым", "Осы қатын қуады ма біртүрлі", "Ыржалаңдамай дұрыстап неге айтпайсың", "Мөлдір қазір қиын жағдайда, оңай емес әрине ел алдында жүрген жұп болған соң, өзін қалай ұстарын білмей жатқан сияқты", "Неменеге дұрыс, түсінікті етіп айтпайды ырбыңдамай", - деп жазды. 

Барлық жаңалық