Ләйлә Сұлтанқызы жеке парақшасында әулетіндегі той туралы жазып, талқыға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
"Кеше қайын інім 2-ші рет үйленді, бірінші әйелімен 10-шақты жыл бұрын ажырасқан болатын. Әп-әдемі, жағдайы бар жігіт. Келін де керемет. Тойға туыстардың ішінен ең жақындарын ғана шақырды. Нағыз жастардың тойы болды. Кеткіміз келмей отырдық. Еркін формат, ойындары да өте қызық болды. Әзімбек (Алашұлы тобы) пен Мұхамед Жанов мықты тандем екен. Тамада іздесеңіздер, кеңес берем", деді ол.
Осы тұста оның жазбасы қызу талқыға түсті.
"Өсекті де грамотно, тактично айтады екенсіз", "Қызық-қызық екенсіз, Ләйлә әпке", "Содан? Келін құтты болсын. Өсекті жібереді екенсіз", деді көпшілік.