Қоғам

"Біреуді іздеу үшін өлу керек пе?": актер Меруер Өтекешоваға қатысты қынжылды (ВИДЕО)

"Біреуді іздеу үшін өлу керек пе?": актер Меруер Өтекешоваға қатысты қынжылды (ВИДЕО)

Қазақ киносының белгілі актері Досхан Жолжақсынов «Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.

Өнер иесі фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешованың есімі мен «Қыз Жібек» бейнесі халық жадында қатар сақталғанын атап өтті. Сондай-ақ ол тарихи әрі мәдени құндылығы бар жәдігерлердің лайықты деңгейде қорғалуы қажет екенін жеткізді.

«Кешегі Қыз Жібекті ойнаған Меруерт. Меруертті іздесе, Қыз Жібек деп, сол қоғам, сол орта. Бүгінгі сүлейлер қайда қалды? Бәлкім «Қыз Жібек» киген камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас еді. Ал Қыз Жібектің киген камзолы төбемізге көтеріп, тәж етсек, оның киімі де сондай.

Ол Шәкен Аймановтың музейіне тапсырылу керек. Сонда тұру керек. Не болмаса, біздің Орталық музейімізге тапсырылу керек. Міне, осындай дүниелерді ойлайсың да, «Аһ» ұрасың. Құдай-ау, біз қай бағыттамыз? Біз қайда кетіп бара жатырмыз?

Сонда бір қазақ біреуді біреу іздеу үшін, өлу керек пе? Сонда ғана сені біреу іздейті. болады ғой», — деп қынжылды актер.

Барлық жаңалық