Шоу-бизнес

«Бір уақытта екі әйелім болды»: Танымал актер шулы сырын алғаш рет ашты

«Бір уақытта екі әйелім болды»: Танымал актер шулы сырын алғаш рет ашты

Белгілі актер, КВН ойыншысы және блогер Даурен Айдаркулов танымал подкастқа қатысып, көпшіліктің қызу талқысына түскен көпәйелділік тақырыбын өзінің өмірімен байланыстыра отырып бөлісті, деп жазады Оzgeris.info.

 

Сұхбатта Айдаркулов өмірінде бір уақыттың ішінде екі әйелмен қатар үйлі болғанын мойындады. Ол бірінші әйелімен ресми некеде болса, екіншісімен діни «неке» арқылы байланысқан.Актердің айтуынша, екінші жарымен ол фильм түсірілімі кезінде танысқан. Сол кезде оның отбасында үш баласы бар, заңды некедегі ер азамат еді. Екінші неке құрғаннан кейін ғана бірінші әйеліне бұл туралы айтқанын жеткізді.

 

«Алдын ала ескертіп, болашақта ондай қадамға баруың мүмкін екенін ашық айтсаң, өзің де, отбасың да жеңілірек қабылдар еді. Мен ондайды жасамадым. Өзім де екінші рет үйленемін деп ойламадым. Сол үшін өзімді кінәлаймын. Өйткені бірінші жарым маған толық сенді», — деді ол.

 

Сұхбатта ол депутат Абзал Құспанның Қазақстанда көпәйелділікті заңдастыру туралы ұсынысына да пікір білдірді.

 

«Бір депутаттың көпәйелділікті заңдастыруға қатысты ұсынысын естігенмін. Оның да өзіндік уәждері бар сияқты. Өйткені ондай жағдайлар онсыз да бар, әсіресе жағдайы жақсы адамдар арасында. Ал ол некеден туған балалар кейбір әлеуметтік төлемдер мен құқықтардан қағылады. Осы тұрғыда ұсынысы бір жағынан әділ көрінді», — деді Айдаркулов.

 

Еске сала кетейік, Қазақстанда көпәйелділік заңмен тыйым салынған. «Неке және отбасы туралы» кодекстің 11-бабында бір адамның бір мезетте екі тіркелген некеде болуына жол берілмейтіні көрсетілген.

 

Сондай-ақ актер ер адамдардың неге екінші әйел алуға бейім болатыны туралы өз пікірін айтты.

 

«Әйелдер де әртүрлі болады: бірі жақсы аспаз, бірі бала тәрбиесіне жақын, бірі жұмысқа бейім. Ер адам барлық қасиетті бір адамнан іздейді. Сосын жетпегенін екінші әйелден табамын деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде мәселе екі еселенеді», — деп бөлісті Айдаркулов.

 

Ол бірінші жары менен ажырасқаннан кейін екінші әйелімен ресми некеге тұрғанын, алайда 2020 жылы тағы да ажырасып кеткенін айтты. Ал биыл, қыркүйек айының соңында актер үшінші рет шаңырақ көтерген. Жаңа жарымен Threads желісі арқылы танысқанын атап өтті.

Барлық жаңалық