Шоу-бизнес

"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)

"Бір көріп ғашық болдым": Медеу Арынбаев жеке өміріндегі сырымен бөлісті (ВИДЕО)

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Медеу Арынбаев жан жары Айгүл қайтыс болған соң, алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті. Әнші жеке өміріндегі жаңалығымен Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

«Бір көріп ғашық болдым, 20-дан асқанмын. 12 жыл отау құрдық, ұлды-қызды болдық. Дүние салғанына биыл 15 жыл. Өтіп жатқан уақыт.

Қаншама әндер шығып жатыр, адалдық. Мен де сол көрсеқызарлыққа салынбады дейсіздер ме? Қаншама жанға әуестенбеді дейсіздер ме? Бірақ болмады.

Айгүл дүние салғаннан кейін алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім. Жолықпады емес, ондай жағдайлар болды. Бірақ Айгүлдей болмады, оны неліктен солай болғанын түсіндіре алмаймын», — деді әнші.

Барлық жаңалық