Меркі ауданында барни үшін қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының анасы ел білмейтін сұмдықты айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Марқұмның анасы бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бөлісті.
«Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. “Кетпе, кетпе” десем де, қайтып кететін. Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі: “Қызыма, қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің?” деген. Содан кейін шақырмайтын болған. Мадиярдың әкесі түрмеде. Авария жасап, бір адамды өлтіріп алған. Ол түрмеде болса да, қызым үйге келсе, “Қайт, қайт” деп звондайды. “Атамның сөзі – сөз” дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын», – деді Мадинаның анасы.